• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Сәуір, 2022

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

214 рет
көрсетілді

Қазақстанның алты облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

 

19 сәуірде Түркістан облысының батыс, оңтүстік және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда жел екпіні – 15-20 м/с.

Шымкентте 19 сәуірде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні –15-20 м/с. Түркістанда найзағай, ойнап, дауыл тұрады. Шаңды дауыл болады.

Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысынан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығысынан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Күндіз кей жерлерде облыстың оңтүстік-шығысында соғатын желдің жылдамдығы 23 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Найзағай ойнағанда желдің екпіні 17-22 м/с-қа, Жалаңашкөл ауданында 25 м/с-қа жетеді.