• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2022

Маңғыстау облысында жаңа кен орны іске қосылды

600 рет
көрсетілді

Бейнеу және Маңғыстау аудандарымен шектес аумақта орналасқан «Тепке» деп аталатын жердегі мұнай-газ кен орнында бұрғылау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл Тәуелсіздік алған 30 жылда табылған аймақтағы құнды көмірсутектердің ең үлкен қоймасы. Кен орынға геолог-барлаушы Халел Өзбекғалиевтің есімі берілген. Бұрғылау жұмыстарына Маңғыстау және Бейнеу аудандарының әкімдері және инвестор «Меридиан Петролеум» компаниясының вице-президенті Есен Күмісқалиев пен «Тепке» ЖШС бас директоры Қарамурзиев Беркін қатысты. Жаңа кен орынды барлау жұмыстары бір жыл бұрын басталған. Осы кезге дейін Бейнеу ауданының Төлеп және Маңғыстау ауданының Сай-Өтес ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіліп, ашық тыңдаулар ұйымдастырылды.

«Бүгін біз тарихи сәтке куә болып тұрмыз. Биыл кен орында тәулігіне 1000 тонна қара алтын өндіру жоспарда бар. Алдағы уақытта Бейнеу және Маңғыстау аудандарының 150-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамтып, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімізді қосамыз. Бұл жұмыстар алдағы бес жылға жоспарланып отыр», деді Е. Күмісқалиев.

Жақын күндері компания аудан басшыларымен екі жақты меморандум жасап, жоспар бекітіледі.