Ресей Қырғызстан аумағында BSL-3 деңгейдегі биологиялық зертхана салу мүмкіндігін қарастыруға шақырды, бірақ қырғыз тарапы бұл жобаға қарсы шықты. Бұл туралы Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, биологиялық зертхана құру жобасы 14 сәуірде Мәскеуде өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қырғыз-ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында талқыланған.