• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 21 Сәуір, 2022

Елімізде 9,5 миллионға жуық адам Covid-19-ға қарсы вакцина алды

177 рет
көрсетілді

Биылғы 20 сәуірге дейін Қазақстанда Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 027 356 адам алса, екінші дозасын 881 570 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Pfizer екпесінің бірінші компонентімен қамтылғандардың 810 165-і жасөспірімдер, 37 495-і жүкті әйелдер, 134 185-і бала емізетін аналар. Екінші компонентін алған жасөспірімдердің саны – 731 405, жүкті әйелдер – 32 005, ал бала емізетін әйелдер – 115 481.

«Жалпы, 20 сәуірдегі есеп бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 475 840 адам алды, екінші компонентін 9 224 495 азамат салдырды», деп мәлімдеді комиссияның баспасөз қызметі.