Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Гүлмарал Еркебаева Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 килода қола жүлдені жеңіп алды. Ол жұбаныш финалындағы қарсыласы, жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді.
Айта кетсек, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 68 кило салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова топ жарып, Азия чемпионы атанды.