• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2022

Қарағандыда кірістер департаментінің бөлім басшысы сотталды

193 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің сот үкімі шықты. Шенеунік алаяқтық жасады деп айыпталды. Сот 3,6 жылға бас бостандығынан айыру түрінде үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыстық іс Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Айыпталушылар орындығында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері және кәсіпкер отырды. Соңғысына алаяқтықтан басқа, пара беруге итермеледі деген айып тағылды.

Сотта салық қызметкері өз кінәсін мойындаған жоқ. Айыпталушының айтуынша, ол кәсіпкермен жеке байланыспаған және одан ақша алмаған. Алайда ол өзінің серіктесін алдағанын мойындады, оған сол кезде Қарағанды облысының МАЭС-те қаралып жатқан азаматтық іс бойынша оң шешім шығаруға көмектесуге уәде бергенін жеткізді. Сондай-ақ ол серіктесінен 2,1 миллион теңге көлемінде ақша алғанын, бірақ ақшаның шығу тегі туралы білмейтінін айтты.

Екінші сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Ол кәсіпкерді пара беруге итермелемегенін мәлімдеді және оған қатысты алаяқтық жасағанын мойындады.

Сондай-ақ Қарағанды облысының МАЭС төрешісінен де жауап алынды. Ол сотталушылармен ешқашан жақын сөйлеспегенін, олардың қылмыстық келісімі туралы білмегенін және олардан ақша алмағанын айтты.

Прокурор Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Екінші сотталушыға 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қазыбек би аудандық соты сотталушыларды кінәлі деп танып, 3,6 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл ретте мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды. Екінші сотталушыны мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырды.

«Сот сотталғандардың асырауында жас балалардың болуы, олардың біреуінің мүгедектігі және материалдық залалды өтеу бойынша шаралар қабылдау кінәні жеңілдететін жағдай деп таныды. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ»,  деп хабарлады сотта.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.