22 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 478 042 адам, 2-ші компонентін 9 229 896 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» препаратымен вакциналау жалғасуда.
22 сәуірге дейін «Pfizer» вакцинасының 1-ші дозасын 1 038 141 адам,
2-ші дозасын 889 614 адам салдырды.
І компонентімен егілді:
- жасөспірімдер – 814 431,
- жүкті әйелдер – 37 705,
- бала емізетін әйелдер – 134 723.
ІІ компонентімен егілді:
- жасөспірімдер – 736 410,
- жүкті әйелдер – 32 258,
- бала емізетін әйелдер – 116 763.