Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 479 958 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 233 957 адам салдырды.
2022 жылғы 24 сәуірдегі «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 045 637 адам, ІІ-ші дозасын 896 246 адам салдырды. Вацинаның І-ші компонентін салдырғандардың 816 948-і жасөспірімдер, 37 807-сі жүкті әйелдер, 135 122-сі бала емізетін әйелдер.
ІІ-ші компонентін салдырғандардың 740 331-і жасөспірімдер, 32 840-ы жүкті әйелдер, 117 731-і бала емізетін әйелдер.