• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Сәуір, 2022

Берік Қаниев ҚФФ атқарушы комитеті құрамынан шықты

425 рет
көрсетілді

Бизнесмен Берік Қаниев Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің құрамынан кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Жас Қыран» футбол жобасының иесі неліктен мұндай шешім қабылдағаны әзірге белгісіз. Берік Қаниевтің тек өз еркімен кету туралы шешім қабылдағаны анық. 

Сондай-ақ ҚФФ атқарушы комитетінің құрамынан Олжас Абраев та кетеді. Ол ҚФФ бас хатшысы қызметіне тағайындалғандықтан атқарушы комитетінен шығуы шарт.