• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 29 Сәуір, 2022

Оқушылардың жазғы демалысы қашан басталады

818 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021-2022 оқу жылын аяқтау мерзімдерін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойдым. Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады», деп хабарлады БҒМ басшысы.

Асхат Аймағамбетов 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізілетінін мәлімдеді.

Ал мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады.