• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Мамыр, 2022

Тегін алған жер үй салуға жарамаса, қайтарып беруге болады

477 рет
көрсетілді

Мемлекеттен жеке тұрғын үй салу үшін тегін алған 10 сотық жер үй салуға жарамсыз болса, қайта кезекке тұруға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кезегі жетіп, жеке тұрғын үй салуға жер телімін алғанымен, ол аумақ құрылысқа жарамсыз болып шыққан тұрғындар не істей алады?

Мұндай жағдайға тап болған азаматтарға не істеу керегін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов «Ондай жағдайда сіз жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін берілген жер учаскесінен бас тартып, қайтадан кезекке тұра аласыз», деп жауап берді.