• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Мамыр, 2022

Энергетигі жоқ елдің ертеңі қараңғы

373 рет
көрсетілді

Соңғы уақытта энергетика нысандарында төтенше жағдайлар­дың, оқыс оқиғалардың орын алуы жиіледі. Өкініштісі, мұндай келең­сіздіктер адам өліміне себеп­ші болуда. Бір жағынан кеңес­тен мұра болып қалған ескі кәсіп­орын­дардың бұлайша «жерге қаратуы» заңдылық секілді. Десе де, мәсе­ленің бәрі білікті кадрлардың тапшылығына келіп тірелетінін ұмытпайық.

Сәл шегініс жасап, осы жылдың 20 наурызындағы жағдайға оралайық. Петропавл қаласындағы №2 жылу-электр орталығында апат орын алды. Түтін шығатын құбыр құлады. Бір адам қаза тапты. Сөйтсек, осыдан 60 жыл бұрын салынған конструкция әбден тозған екен. Ал тозған дүниенің тоқтауы көп. Демек ақаулы энергетикалық жүйелерді реттемейінше алаңдатарлық ахуал жалғаса бермек.

– Сондықтан энергетика жүйесін модернизациялауға ғана көңіл бөлмей, сол жүйелердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету де маңызды. Ерте ме, кеш пе, бұл мәселе де алдымыздан шы­ғады. Өйткені ел экономикасын­дағы стратегиялық сектор саналатын энергетикада кадр тапшылығы өзекті. Бұған сала қызметкерлеріне төленетін еңбекақының аздығы себеп, – дейді Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

2020 жылғы ресми дерекке сүйенсек, еліміздің энергетика саласында 102 мың адам еңбек етеді. Олардың орташа айлық еңбекақысы республикадағы көрсеткіштен 26 пайызға төмен. Яғни елдегі орташа айлық еңбекақы 264 мың теңгеге тең болса, энергетиктердің орташа айлық еңбекақысы 195 мың теңге көлемінде. Ал бұл көрсеткіш іргеміздегі Ресейде 306 мың теңгені құрап отыр. Сонда ресейлік энергетиктер біздің еңбеккерлермен салыс­тырғанда айлықты 36 пайызға көп алады.

– Осының салдарынан бі­лік­ті энергетиктер басқа сала­ға ауысып кетеді. Ал шекаралас өңірлердің мамандары Ресей­ге қарай ойысады, – дейді мәжілісмен.

Бұл мәселеге Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да назар аударғаны есі­мізде. Осыдан тура бір жыл бұрын электр энергетикасы сала­сын дамыту мәселелері жөнін­де кеңес өткізген Пре­зи­дент былай деген еді: «Қазақ­станда энергетика саласы бойынша маман даярлай­тын 24 жоғары оқу орны бол­ғанына қарамастан, электр мон­терлері, жоғары вольтті желілерді жөндеушілер мен басқа да жұмысшы мамандар тапшы. Инженерлік-техни­ка­лық қызметкерлердің орташа жасы – шамамен 50 жаста. Оның үстіне бұл саладағы қыз­меткерлердің еңбекақысы да төмен. Соның салдарынан  2015-2020 жылдар аралығында кадрлардың тұрақтамауы 4 пайыздан 15 пайызға дейін жетті. Бұл мәселені жедел түр­де шешу керек. Әйтпесе, бір­неше жылдан кейін кадр тап­шылығы мәселесі ушыға түседі. Үкіметке осы саладағы кәсіби мамандардың әлеуетін және бәсекеге қабілетті еңбек­ақы төлеу дең­гейін қалып­тас­тыру үшін шаралар қабылдауды тапсырамын».

Д.Тұрғановтың айтуынша, бүгінде еңбекақы төлеуге қа­тысты күрделі жағ­дай электр энергиясын беруді жүзеге асыратын ұйымдарда, оның ішінде өңірлердегі электр желілік компанияларда қалыптасып отыр. Бұлар табиғи монополиялар субъектілеріне жатады. Мұндай ұйымдардағы еңбекақы елдегі энергетиктердің орташа жал­ақы­сынан да, аймақтағы орташа жалақыдан да төмен.

– Мәселен, «Алатау жарық компания­сындағы» өндірістік персоналдың орташа жалақысы (198 мың теңге) өңірдегі орташа жалақыдан (305 мың теңге) 54 пайызға төмен. «Пав­лодар электр­желілік тара­ту компаниясындағы» өндіріс­тік персоналдың орташа жалақы­сы (128 мың теңге) облыс­тағы орташа жалақымен салыстыр­ған­да (225 мың теңге) 75 пайызға аз. «Оңтүстік жарық транзит» компаниясындағы өндірістік персоналдың орташа жалақысы (96 мың теңге) өңірдегі орташа жалақыдан (209 мың теңге) 118 пайызға төмен. Осының сал­дарынан өңірлік электр желі­­лік компаниялардағы пер­со­­налдың жетіспеушілігі ел бо­­йынша орта есеппен 11-16 па­­йыз­ды құрап отыр. Кейбір өңір­­лерде бұдан да жоғары. Айта­лық, «Алатау жарық ком­пания­сындағы» персоналдың жетіс­пеушілігі 34 пайызға жетті, – дейді Мәжіліс депутаты.

Шынында да, жағдай мәз емес. Мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қабылдамаса, энергетика кәсіпорын­дары жа­қын уақытта жүйенің тұ­рақ­­ты­лығын сақтайтын аз ғана инженерлік-техникалық персоналдың өзінен айырылып қалғалы отыр.

– Аталған мәселені сала қыз­мет­кер­лері де бірнеше рет көтерді. Жағдайды жедел рет­темесе, сала біржола құл­ды­рауы мүмкін. Энергетика эконо­ми­каның маңызды секторы бола тұра, біздің елде әлі күнге дейін саланы дамытудың ұзақ мер­зімді стратегиясы әзірлен­беген. Саладағы көп кемші­ліктің бәрі осыдан туындап отыр, – дейді дәл осы мәселе бойынша Үкіметке депу­тат­тық сауал жолдаған Д.Тұрғанов.

Депутаттық сауалға жа­уап берген Премьер-Министр Әли­хан Смайыловтың дерегіне сүйенсек, 2021 жылы энергия өндіруші ұйымдар электр энер­гиясын өндіруге арналған шекті тарифтерді түзету ке­зін­де өндірістік персоналдың жал­ақысын арттыру бо­йынша шара­лар қабылдаған. Яғни 15 па­йызға арттыру көзделген. Сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің жылу энергиясын өндіру тарифтерінде еңбекақы төлеу қорын жыл сайын 4 пайызға арттыру қа­рас­тырылған.

– Осылайша, 2021 жылдың қо­рытындысы бойынша Қазақ­стандағы жылу-электр орта­лықтарындағы өндірістік персонал жалақысының орташа өсімі шамамен 10 пайызды құра­ды. Сонымен қатар Энергети­ка ми­нистр­лігі, Қазақ­стан электр энергетикалық қа­уым­дас­тығы мен салалық кәсіподақтар арасында қол қойылған 2022-2024 жылдарға ар­налған салалық келісім шең­берін­де энергетика саласы қыз­мет­керлерінің, оның ішінде энер­гия беруші ұйымдардың жалақы­сын көтеру көзделіп отыр. Сондай-ақ табиғи моно­п­о­лиялар саласындағы уәкі­летті орган статистика дерек­тері­нің негізінде экономи­ка­лық қызмет түрлері бойын­ша өңірлер бөлінісінде өндіріс­тік және әкімшілік-басқару пер­со­на­лының орташа айлық жал­ақысын айқындау жөніндегі талапты белгілеу үшін тариф­терді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін қа­райды, – деп хабарлады Үкімет басшысы.

Қазақстан энергетиктері сала­лық кәсіподағының төр­ағасы Оразбек Бекбас та кадр тапшылығы мәселесін үнемі көтеріп келеді. Алайда әзірше энер­гетик­тердің үніне құлақ асқан ешкім жоқ.

– Энергетика нысандарын­дағы апат­тар­дың бірден бір се­бебі кадр тап­шы­лығында жатыр. Білікті кадрлар аз, маман­дар тұрақтамайды. 2015-2021 жыл­дар аралығында энергетика саласын­дағы кадрлардың тұрақсыздығы 4 пайыздан 17,7 пайызға өсті. 4-5 жыл­дық тәжірибесі бар мамандардың өзі басқа салаларға ойысуда. Бұл жақсы тенд­ен­ция емес. Кәсіп­орын штатының жасақ­­талуы орташа есеппен 80-85 пайыз­ды құрайды. Яғни энер­гетика нысандарына қа­жет­­ті персоналдың бестен бірі жетіс­­пейді, – дейді Оразбек Бекбас.

Жоғары энергетикалық жүйе­лердің ескіргенін айт­тық. Мұндай сипаттаманы кадр­ларға қатысты қолдансақ та болады. Өйткені соңғы жеті жылда энергетика кәсіп­орын­­дарындағы қызметкерлер «қар­тайып» барады. Жас кадр­лар­дың үлесі азайып, 50 жас­тан асқан мамандардың үлесі көбейіп келеді. Саладағы 60 жастан асқан қыз­меткерлердің үлесі шамамен 8 пайызға тең. Сондай-ақ қызметке қабыл­данған адамдардың 40 пайызы алғашқы жылы-ақ жұмыстан шығып кетеді екен.

– Заңнамаға сәйкес, энергетика кәсіпорындарының еңбекақы төлеу қоры тарифтік сметамен шектелген. Тарифтік сме­таны арттыру үшін реттеу­ші орган­дардың келісімі қажет. 2021 жылы елдің энерге­тикалық кәсіпорындары та­риф­тің шы­ғын бөлігіне әкімшілік және өн­дірістік персоналға өңір бо­йын­ша орташа жалақы дең­гейінде және пер­соналдың нормативтік саны көлемінде жалақы төлеуге арналған шы­ғыстарды қосуға мүмкіндік бе­ре­тін заңнамаға өзгерістер ен­гізуді ұсынды. Бірақ әзірге бұл әрекеттер нәтижесіз. Сол себепті компаниялар энергетика саласында жұмыс істемеген тәжірибесіз, қажетті біліктілік деңгейі жоқ қызметкерлерді қабылдауға мәжбүр. Энергети­кадағы мамандарды даярлау деңгейі жыл са­йын артып келе жатқан жүктемеге, өнді­ріс­тегі жобалардың күрделі­лігі­не және оларды іске асыру жыл­дамдығына жауап бер­мей­­ді. Салдарынан жұмыс мер­­­зімі бұзылады. Яғни ны­сан­­­дар­ды тапсыру және енгі­зу уақыты кешеуілдейді, – дейді Қазақстан энергетиктері сала­лық кәсіподағының төрағасы.

Рас, қазір энергетиктер­дің беделі бұрынғыдан да төмен­деп кетті. Жастар энер­­гетикаға барғысы кел­мейді. Сон­дық­тан маман даярлаудан басқа, маман­дар үшін сапалы еңбек жағдайын жасау да маңызды.