• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Мамыр, 2022

Алматыда оқушыны көлік қағып кетті

233 рет
көрсетілді

Оқиға 14 мамыр күні сағат 12:25 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Subaru» көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде 2010 жылы туған қызды қағып кетті.

«Оқушы қыз дене жарақатымен Алматы қаласының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр», деді Алматы қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.