• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2022

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды

317 рет
көрсетілді

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 10 жылға сотталды. Шенеунік жазасын қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мой ГОРОД" порталының мәліметінше, 17 мамырда Атыраудың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен Құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровқа қатысты үкім шықты.

Олар «Аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу» бабы бойынша қылмыс жасады деп айыпталды.  

Нұрлан Таубаев кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Тимур Басаровқа бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сотталған экс-шенеуніктерге мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды.

Еске салайық, 2020 жылдың 10 қыркүйегінде Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.