• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Мамыр, 2022

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

298 рет
көрсетілді

Қазгидромет 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі уақытта тұман күтіледі. Еліміздің солтүстік-шығысы мен орталығына антициклон жотасы әсер етеді, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстікте, батыста, солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай облысының орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі түнде шығыста 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, шығысында 23-28 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл соғады, түнде солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20  м/с екпіні 23 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ, түнде облыстың батысында – тұман, түнде оңтүстікте, батыста, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында желдің күшеюі 15-20 м/с болады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 24-29 м/с күшейеді, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде кейде 23 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың батысы мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде батыста, солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі, түнде солтүстік-шығыста, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.