• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Мамыр, 2022

Қазақстанда қанша адам вакцина алды

157 рет
көрсетілді

Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

27 мамырға дейінгі жағдай бойынша: аталмыш препараттың І дозасын – 1 158 766, ІІ дозасын 1 036 625 адам салдырды.

Оның ішінде: І компонентімен 850 710 – жасөспірім, 39 808 – жүкті әйел, 141 314 –бала емізетін әйел; ІІ компонентімен 802 698 – жасөспірім, 35 743 – жүкті әйел, 130 209 – бала емізетін әйел вакциналанды.

Жалпы, елімізде коронавирусқа қарсы вакциналардың барлық түрімен егілгендер саны: бірінші дозасымен – 9 502 731 адам, екінші дозасымен 9 278 614 адам.