Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 504 158 адам, 2-ші компонентін 9 280 860 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ ел өңірлерінде жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға «Pfizer» вакцинасын егу жалғасып жатыр.
30 мамырдағы мәліметке сәйкес, «Pfizer» препаратының алғашқы дозасын 1 165 695 адам, екінші дозасын 1 044 794 адам алды.
Оның ішінде: І компонентімен 852 599 – жасөспірім, 40 006 – жүкті әйел, 141 768 – бала емізетін әйел. ІІ компонентімен 806 119 – жасөспірім, 35 889 – жүкті әйел, 130 660 – бала емізетін әйел.