Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік мерзімін ұзарту туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Маған ел ішінде де, шетелде де қазіргі Мемлекет басшысы өзінің өкілеттік мерзімін референдум арқылы ұзартуға, былайша айтқанда, президенттік мерзімін жаңадан бастауға ниетті ме деп сұрап жатады. Менің жауабым: мұндай ниет жоқ және болмайды.
Ұсынылған саяси жаңғырту бағдарламасы өзінің мазмұны бойынша өте ауқымды. Бірақ басты назар адам құқықтары мен бостандығын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.