• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Маңғыстау облысында 230-дан астам референдум учаскесі ашылды

292 рет
көрсетілді

Барлық учаске таңертең 7:00-де ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Аймақ тұрғындары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға 20:00-ге дейін қатыса алады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жұмыс бабына байланысты сағат 7:00-ге жетпей келіп, референдум басталған бойда дауыс беріп кеткен тұрғындар да бар. Қызметкерлері саяси науқанға қатысу үшін өңірдегі кейбір кәсіпорындар жұмыс уақытын өзгерткен.

Маңғыстау облысы бойынша референдумға қатысатын 405 662 азамат болса, оның 148 979-і Ақтау қаласының тұрғыны.

Учаскеге барған адам дауыс берушілер тізімінде жоқ болып шыққан жағдайда, сондағы қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. Ескерте кетейік, облыстағы референдумға осы өңірде тіркелген азаматтар ғана қатыса алады.