• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Маңғыстау облысында инватакси тегін қызмет көрсетіп жатыр

433 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында 5 маусым күні 11 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Мұндай қызметті мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындары пайдалана алады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Ақтау қаласы бойынша екі арнайы инватакси автомобилі жұмыс істейді. Референдум күні оларға қажет болған жағдайда тағы бір арнайы инватакси қосылды.

Маңғыстау облысында 30 059 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның ішінде 18 мыңнан аса тұрғын республикалық референдумға қатысады. Оның 545-і кресло-арбамен жүріп-тұрады.