• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Маңғыстауда тергеу изоляторындағылар дауыс берді

837 рет
көрсетілді

Маңғыстау тергеу изоляторында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша дауыс беру өтті, деп жазады Egemen.kz 

Таңғы сағат 7-де Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде 39 сайлау учаскесі ашылды. Дәстүр бойынша учаскеде бірінші болып Қазақстанның әнұраны шырқалды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы «Заңға сәйкес, тергеу изоляторларында отырған, үкімі заңды күшіне енбеген ҚР кәмелетке толған азаматтары сайлау құқығына ие. Маңғыстау тергеу изоляторында мұндай құқыққа сот үкімі заңды күшіне енбеген және тергеуге қамауға алынған адамдар ие.  Бүкіл процесс бір жарым сағатты алды», деді ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары Азат Орынбасаров.

Айта кетейік, тергеу изоляторларында референдум өткізу үшін барлық жағдай жасалған - дауыс беруге арналған жәшіктер мен кабиналар, сондай-ақ жадынамалар, брошюралар, кеңсе керек-жарақтары ұсынылған.