4 маусымда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде мерзімді қызмет әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 жастағы Еділ Тешебаевтың суицидтіке бару себебі әскери қызмет өткерумен байланысты емес, отбасылық-тұрмыстық проблемалар болған дейді алдын ала белгілі болған деректерге сәйкес.
Құқық қорғау органдары қажет тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Ведомство қаза тапқан адамның отбасына қажет көмек көрсету шараларын қабылдайды.