• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Маусым, 2022

Сарбаздардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек – Ералы Тоғжанов

4288 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов әскери борышын өтеушілердің арасында өлім жағдайы жиілеп кетуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысының тұтастай төзімсіздік таныту керектігі туралы тапсырмасы бар екенін көріп отырсыздар. Бүкіл мемлекеттік органдар, соның ішінде Қорғаныс министрлігі ол үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды деп ойлаймын. Сізбен келісемін, өліммен аяқталған жағдайлар бар. Мұндай сәттер тыңғылықты зерттеліп, тиісті баға берілуі керек», деді вице-премьер.

Оның пайымынша, Қазақстан армиясының келісімшартпен қызмет істейтін сарбаздардың санын көбейтуге әлеуеті жетеді.

«Орташа алсақ, жыл сайын біз 35 мың адамды әскери қызметке жібереміз. Бұл меніңше келісімшарт бойынша әскери қызметке тарту мәселесін жоққа шығармайды деп ойлаймыз. Егер Қазақстан армиясы келісімшарт бойынша әскери қызметке тартылғандардың санын көтермекші болса, бұл бағытта өзін қамтамасыз ете алады. Ведомство қазірдің өзінде тиісті шешім қабылдап жатыр. Әскерге шұғыл шақыру жүйесінен толықтай бас тарту дұрыс емес деп есептеймін. Жастар әскери қызметте болуы керек. Ал мемлекеттік органдардың оған мүдделі болуы басқа мәселе. Бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі әскери борышын өтеушілердің қажетті қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет», деді Ералы Тоғжанов.

Еске сала кетейік, 4 маусым күні Маңғыстау облысында шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салғаны хабарланған болатын.