• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2022

Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжол жабылды

181 рет
көрсетілді

Жарылыс жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі барлық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«7 маусым сағат 9:00-ден бастап жарылыс жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (45-86 шақырым) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық», деп хабарлады Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Осыған байланысты Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілерінен аталған бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Ауа райына байланысты ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуға болады.