Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 985 769 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,05 пайызын құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады», деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.