• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2022

18 жастағы студент Каспий теңізіне батып кеткен

233 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында 18 жасар жас жігіт суға батты, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 маусым күні сағат 16:20 шамасында құтқару қызметіне Ақтау қаласы Самал-2 ықшамауданында теңіз жағалауында бір адамның суға батқаны жайлы хабар келіп түскен.

«Қайтыс болған жігіт - 2004 жылы туған Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы. Бозбала Маңғыстау өнер колледжінің 1-курсында оқып жүріп, сол оқу орнына қарасты №5 жатақханада тұрған. Қазіргі уақытта марқұмның денесін іздеу жұмысы жүріп жатыр», деді Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, аға лейтенант Азамат Төлегенов.