Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 510 151 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Жаңа дерек бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 288 396 адам салдырды.
2022 жылғы 7 маусымда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 197 644 адам, ІІ-ші дозасын 1 070 186 адам салдырды.
Оның ішінде:
І-ші компонентін:
859 241 жасөспірім,
40 595 жүкті әйел,
143 485 бала емізетін әйел салдырса,
ІІ-ші компонентін:
814 769 жасөспірім
36 454 жүкті әйел
132 251 бала емізетін әйел салдырған.