• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2022

Ақтөбе мәслихатының депутаты мандатын тапсыруға мәжбүр болды

248 рет
көрсетілді

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали мас күйде көлік жүргізіп ұсталғаннан кейін депутаттық мандатын тапсырды, деп жазады Egemen.kz «Диапазон» газетіне сілтеме жасап.

Депутат мінген Mercedes автокөлігі 20 мамырда Қарғалы тұрғын алабында тоқтатылды. Медициналық сараптама оның масаң күйде болғанын көрсетті.

Депутаттың өзі сараптама қорытындысымен келіспейтінін айтып, кінәсін мойындамады. Сонымен қатар қайтадан тест тапсыру мүмкіндігін ешкім түсіндірмегенін мәлімдеді.   Сот оның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, атап айтқанда, көлікті мас күйде жүргізгені дәлелденді деп шешті. Нәтижесінде сот Ербол Қасымғалиды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы үкім шығарды.

Сайлау комиссиясы Ербол Қасымғалидың осы оқиғадан кейін депутаттық мандатын тапсырғанын мәлімдеді.