• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қаржы 09 Маусым, 2022

Қашағандағы газ өңдеу зауытын қаржыландыру талап етілді

290 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде газ саласы көмірді пайдалану деңгейін төмендетуде маңызды рөл ойнайды. Қазақстанның газдану деңгейі 53 пайызға жетті. 10 млн-ға жуық азамат газға қол жеткізіп отыр. Елдің ішінде газды қолдану өте жылдам артып келе жатыр. Бұл бірінші кезекте Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-тің газға көшуімен, газ-химия кешені және жаңа өндірістік кәсіпорындардың іске қосылуымен байланысты. Келесі жылдың ішінде-ақ ішкі нарықта газ тапшылығы болжанады. Газбен ішкі тұтынуды қамтамасыз ету оны экспортқа шығаруға қарағанда сөзсіз басым», деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай Президент ел Үкіметіне Теңіз кен орнының акционерлерімен бірлесіп, 2 млрд текше метр газды экспорттан ішкі нарыққа кері бағыттау мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Сонымен қатар Үкіметке Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты құрылысы жобасын қаржыландыру мәселесін шұғыл шешу талап етіледі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аяна Тоғанбек