• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Маусым, 2022

СҚО-да жол апатынан 5 адам жарақаттанды

349 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы кезінде автокөлік өртеніп, жүргізуші мен 4 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Тайынша ауданында болған. 22 жастағы көлік жүргізуші келе жатқан көлікті басып озбақ болып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Салдарынан жолдан шығып кетіп, машина аударылып қалады. Автокөлік өртеніп, толық жанып кетті. Ал көлік жүргізушісі мен 4 жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аяна Тоғанбек