• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2022

Қонаев қаласында Алматы облысы аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының жиыны өтті

407 рет
көрсетілді

Қонаев қаласында Алматы облысы аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының жиыны өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысуда.

Алматы облысының әкімі лауазымына кандидаттар Батыржан Байжұманов пен Марат Сұлтанғазиев ұсынылды. Дауыс беру ашық түрде өтуде.

Дауыс беру нәтижесі бойынша мәслихат депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған екі кандитаттың арасынан Сұлтанғазиевтің кандидатурасын көпшілік дауыспен қолдады.

Осылайша Жаңа Қазақстанда облыс әкімін тағайындаудың жаңа үрдісі өңірде жүзеге асты деуге болады.