• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 12 Маусым, 2022

Маңғыстауда шенеунік 8 жылдан кейін бұрынғы қызметіне тағайындалды

340 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында Қарасай Абыханов Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұл қызметті сегіз жыл бұрын атқарған еді, деп хабарлайды Egemen.kz «Лада» сайтына сілтеме жасап.

Қарасай Абыханов 1981 жылы 31 қазанда Жаңаөзенде дүниеге келген. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. 2013 жылдан 2014 жылға дейін Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болған. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Батыр ауылдық округінің әкімі болған.

2022 жылы қайта Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалып отыр.