• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Маусым, 2022

Францияда топ жарды

183 рет
көрсетілді

Жұптық сындағы Қазақстанның бірін­ші ракеткасы Анна Данилина украи­налық Валерия Страховамен бірге Фран­­­цияның Биаррице қала­сында ұйым­­­­дастырылған W60 турни­рінің чем­­­пио­ны атанды.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тір­келген Анна Данилина мен Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле және ресейлік Мария Тимо­феевамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда аргентиналық-ресейлік жұп 6:2 есебімен ба­сым­дық танытса, екінші партия­да Анна мен Вале­рия есе қайтарды – 6:3. Шешуші бәсекеде қазақ­стандық-украи­налық теннисшілер супер тай-брейк­те қар­сылас­тарынан жеңісті жұлып алды – 14:12.

Осылайша, Анна Данилина жұптық сын­дағы өзінің 25-ші титулын жеңіп алса, Страхо­вамен бірге қатарынан бесінші турнирде үздік шықты. Сондай-ақ бұл Анна Данилинаның ITF са­натындағы 24-ші жеңісі. Данилина осы жыл­дың қаңтарында Сиднейде WTA 250 серия­сы тур­нирінде бразилиялық Беатрис Хаддад Майя­мен бірге жеңіске жеткен болатын.