Келесі аптада Моңғолияның бас шаһары – Ұлан-Баторда дзюдодан Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін Grand Slam жарысы өтеді.
24 маусымда жалауы желбірейтін дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасының 20 балуаны өнер көрсетпек. Атап айтқанда, ерлер құрамасынан Бауыржан Нарбаев, Қанат Сейілхан (60 кг), Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Ерлан Серікжанов, Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг), Бекәділ Шаймерденов, Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Ерсұлтан Мұзаппаров, Дидар Хамза (90 кг), Нұрлыхан Шерхан, Ислам Бозбаев (-100 кг) және Әділ Оразбаев (+100 кг) белдеседі.
Ал әйелдер сапынан Айбібі Әбужақынова (48 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Зере Бектасқызы, Екатерина Токарева (70 кг), Аруна Жангелдина (-78 кг), Назгүл Маратова, Камила Берліқаш (+78 кг) бозкілемге шығады.