Қазақстан теннис федерациясы осы аптада отандық теннисшілер бақ сынайтын бірқатар ірі жарыстың тізімін жариялады.
Атап айтқанда, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 33-орында тұрған Юлия Путинцева Истборн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді. Олар жарысты екінші айналымнан бастайды. Сондай-ақ осы жарыстың жұптық сынында Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда сербиялық Александра Крунич пен Польша өкілі Магда Линетпен кездеседі.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Истборн ATP 250 жарысында бастапқы матчын америкалық Фрэнсис Тиафомен өткізеді. Александр Недовесов жұптық сында пәкістандық Айсам Курешимен бірге ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш – Генри Паттенмен шеберлік байқасады. Ал Михаил Кукушкин «Уимблдон» турнирінің іріктеу сайысында италиялық Лоренцо Джустиномен ойнайды.