2022 жылғы 26 маусымда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 522 816 адам, 2-ші компонентін 9 304 480 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz ВАК-қа сілтеме жасап.
2022 жылғы 26 маусымда «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 219 665 адам, ІІ дозасын 1 137 583 адам салдырды.
Оның ішінде І компоненті егілгендер: Жасөспірімдер – 866 379, Жүкті әйелдер – 41 116, Бала емізетін әйелдер – 144 762 адам.
ІІ компонентімен егілгендер: Жасөспірімдер – 835 845, Жүкті әйелдер – 38 037, Бала емізетін әйелдер – 137 039 адам.