Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Бәйтерек» кешенін салу мерзімі шегерілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Осыған дейін белгіленген мерзім кейінге шегеріліп жатыр. Алайда бұл бағыттағы жұмыс жоспары өзгермеген. Бұл кешен Байқоңырдың маңыздылығы үшін керек. Аталған мерзім техникалық құжатнаманы даярлауға қатысты шегерілді. Атқарылуы тиіс жұмстар бойынша құжаттарды қабылдау күрделі болып жатыр», деді Б. Мусин Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда тілшілер министрден құрылыс жұмыстарына қатысты нақты мерзімді атауды сұрады.
«Шамамен жарты жыл немесе ары кеткенде бір жыл уақыт керек. Бұл бағыттағы құжат бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ құрылыс жұмыстары басталмады. Жобалау жұмыстарына біраз уақыт керек», деді ведомство басшысы.