ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Бауыржан Қабдол тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Бауыржан Жалелұлы Қабдол 1978 жылғы 4 қаңтарда дүниеге келген.
Орталық Азия Университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Кәсіби маманданған салалары – өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, қаржы және несие.
Еңбек жолын 2003 жылы «Uniserv» ЖШС экспедиторы болып бастаған.
Әр жылдары «Uniserv» ЖШС коммерциялық директоры, бас директорының бірінші орынбасары, Батыс Қазақстан филиалының директоры лауазымдарында еңбек еткен.
2021 жылдың сәуір айынан бастап бүгінге дейін Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.