• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2022

Тараздықтардың 47 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды

224 рет
көрсетілді

Таразда 47 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен.

Қалалық басқарманың жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарған, алайда ақшаны өзіне иемденген. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 млн 80 мың теңгені құрайды.

Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.