Футболдан Қазақстан чемпионатының 16-турында Қарағандының «Шахтері» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады.
Кеншілер астанасында өткен ойынның алғашқы таймында алаң иелері Тимур Досмағамбетов пен Роман Муртазаевтың соққан голдарының арқасында 2:0 есебімен алға шығып алған еді. Алайда үзілістен кейін қонақтар алаң иелерінің қақпасына жауапсыз үш гол соғып, жеңісті жұлып алды – 3:2. Екінші таймда «Ақтөбе» сапынан Әлібек Қасым, Жерар Гоу және Уго Видемонт мергендігімен көзге түсті.
Осылайша, 26 ұпай жинаған Андрей Карпович шәкірттері турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. «Шахтер» 17 ұпаймен 9-сатыда қалып қойды. Енді келесі тур ойындары тамыз айының соңында өтеді.