Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, шақалақты аула сыпырушы тауып алған. Таңғы сағат 7:00-де 102 пультіне қоңырау түскен.
«Сағат 7.00-де аула тазалаушы баланы тауып алып, 102-ге қоңырау шалған. Полиция қызметкерлері баланы мәйітханаға апарды. Ол - қыз, ақ матаға оралған», деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.