«Тур де Франс» көпкүндігінің үшінші кезеңі Данияның Вайле қаласынан бастау алып, солтүстіктегі Сённерборг қаласында мәресіне жетті. Тегіс жолда өткен жарыста нидерландтық Дилан Гроневеген топ жарды.
Team BikeExchange – Jayco командасының велошабандозы 182 шақырым қашықтықты 4 сағат 11 минут 33 секундта бағындырды. Екінші және үшінші орындарды бельгиялық Ваут ван Арт (Jumbo – Visma) пен Йеспер Филипсен (Alpecin-Deceuninck) иеленді. Бұл кезеңде «астаналық» велошабандоздардан Симоне Веласко мен Алексей Луценко мәре сызығын 29 және 30-шы болып кесті.
Жалпы есепте бельгиялық Ваут ван Арт алда келеді. Оның көрсеткіші – 9 сағат 01 минут 17 секунд. Екінші орынға тағы бір бельгиялық спортшы Ив Лампаерт (Quick Step Alpha Vinyl Team) жайғасса, үздік үштікті словениялық Тадей Погачар (UAE Team Emirates) түйіндеп тұр. Олар көшбасшыдан 7 және 14 секундқа қалып тұр. Ал қазақстандық команданың ең үздік велошабандозы Алексей Луценко 23-орынға жайғасқан.