• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2022

Семейде екі адамның көлігін алаяқтықпен алған күдікті ұсталды

231 рет
көрсетілді

Семей қаласында екі адамның көлігін сатып аламын деп алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сәйкес, 102 жедел арнасына 39 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, өзін әңгімеге тартқан танымайтын ер адамның «ВАЗ» көлігін сатып алатындығын айтып сендірген. Алайда алаяқ автокөлікті алғаннан кейін ақша төлемей, хабар-ошарсыз кеткен.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жарма ауданының 27 жастағы тұрғыны жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Сондай-ақ ер адамның тағы бір жәбірленушіні алдағаны белгілі болды», делінген хабарламада.

27 жастағы семейлік әйел маусым айының соңында полицияға жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, жалған сатып алушы дәл осындай жолмен оның «ВАЗ» көлігін алдап алды. Зардап шегушіге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 1 500 000 теңгеден асты. Ұсталған адам қолхатпен босатылды. Аталған факті бойынша ҚК-тің 190-бабына (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.