• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2022

«Қазақстан барысы» жеңімпазына екі бөлмелі пәтер берілді

228 рет
көрсетілді

«Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы, қызылордалық Мақсат Исағабыловқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдауында болды.

«Алдағы уақытта «Алтын белбеу» мен «Алтын тайтұяқты» Сыр өңіріне тағы да 2-3 мәрте әкелсем деген мақсатым бар. Сондай-ақ, «Әлем барысы» атануға үміттенемін. Туған топырақтың абыройын асқақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын», деді Мақсат Исағабылов.