• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Шілде, 2022

2030 жылға қарай газ өндірісі 6,7 млрд текше метрге ұлғаяды

354 рет
көрсетілді

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2030 жылға қарай елдегі газ өндірісі 6,7 млрд текше метрге ұлғаятынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен жер қойнауын пайдалануға арналған жақсартылған модельдік келісімшарттар топтамасы әзірленді. Заңнамаға тиісті түзетулер жыл соңына дейін қабылданады. Бұл шаралар жиынтық газ қоры шамамен 93,6 млрд текше метр болатын кенішті өндіріске дайындап, 2030 жылға қарай жылына 6,7 млрд текше метр қосымша тауарлық газ өндіруге мүмкіндік береді», деді Болат Ақшолақов.

Министр сұйытылған газдың биржасына көшу 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылғанын еске салды.

«Биржаларда сауда-саттықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін сауда-саттық белгіленген шекті бөлшек баға шегінде жүргізіледі. Сұйытылған мұнай газдың көлікке ілеспе жүкқұжатына және сату кезінде фискальдық чектерді жазуға қойылатын талаптарды заңнамалық нормалар арқылы қатаңдату ұсынылады. Сонымен қатар, салалық мемлекеттік орган бақылайтын тапшы тауарлар үшін бірыңғай тауар биржасын белгілеуді ұсынамыз», деп қосты ведомство басшысы.

Айта кетсек, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев газ бағасын жасанды жолмен ұстап тұру газ тапшылығын туындатуы мүмкін екенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар