• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Хоккей 19 Шілде, 2022

«Барысқа» жаңа ойыншы келді

112 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барысы» маусымаралық үзілісте қатарын тағы бір легионермен толықтырды. 

Атап айтар болсақ, америкалық шабуылшы Энтони Луис ҚХЛ-дің алдағы маусы­мында елордалық клуб сапында өнер көрсе­тетін болды. 27 жастағы хоккейші Солтүстік Американың түрлі лигаларында өнер көрсе­тіп, АҚШ-тың жасөспірімдер мен жастар құрамаларына шақырту алған. 18 жасында «Чикаго» командасының ойыншысы атанған ол кейінгі алты жылын Америка хоккей лигасында (АХЛ) өткізген. Ал былтырғы маусымда «Далластың» фарм-клубында өнер көрсетіп, тұрақты чемпионаттың 66 матчында 55 (24+31) ұпай жинаған.

Сондай-ақ елордалық клуб қазақстандық Батырлан Мұратов және Михаил Рахмановпен сынама келісімшарт жасағанын мәлімдеді. Келісімшарт 2022 жылдың 31 тамызына дейін жарамды. Екі хоккейші де әр жылдары «Барыс» сапында ойнаған.