• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Шілде, 2022

Вингегор жеткізбей тұр

124 рет
көрсетілді

«Тур де Франстың» жазық жолда өткен 15-ші кезеңінің жеңімпазы сприн­терлік жарыста анықталды. 

Alpecin-Deceuninck велоклубының намысын қорғайтын бельгиялық спортшы Йеспер Филипсен Родез бен Каркасон қалаларын жалғаған 202,5 шақырым жолды 4 сағат 27 минут 27 секундта бағындырып, кезең жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орындарды тағы бір бельгиялық велошабандоз Ваут Ван Арт (Jumbo-Visma) пен даниялық Мадс Педерсен (Trek-Segafredo) иеленді. Мәреге пелотонмен бірге жеткен «Астана» капитаны Алексей Луценко 44-орынға ие болды.

Жалпы есепте даниялық Йонас Вингегор (Jumbo-Visma) бес кезеңнен бері дес бермей тұр. Одан кейінгі орындарды әдеттегідей словениялық Тадей Погачар (UAE Team Emirates) мен британиялық Герайнт Томас (INEOS Grenadiers) иеленуде. Ал Алексей Луценко 12-сатыға жайғасқан.