• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Теннис 20 Шілде, 2022

Рейтингтегі орнын сақтап қалды

85 рет
көрсетілді

Кәсіби теннисшілер (ATP) мен Әйелдер теннисі қауым­дастығы (WTA) «Үлкен дулыға» санатына енетін «Уимблдон» жарысынан кейінгі теннисшілердің рейтингін жариялады.

«Уимблдон» бәсекесінде спортшыларға ұпай берілмегендіктен, жаңарған рейтингте аса қатты өзгеріс бола қойған жоқ. Мәселен, биылғы турнирде топ жарған отандасымыз Елена Рыбакина 23-орнын сақтап қалды. Ал Будапешттегі жарыстың жартылай финалына дейін жеткен Юлия Путинцева 39-шы, жарақатына байланысты биылғы маусымды ерте аяқтаған Зарина Диас 243-сатыда тұр. Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 19-орынға көтерілді.

Ерлер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик үш саты жоғарылап, 39-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 194-ші, Михаил Кукушкин 204-ші, Тимофей Скатов 211-ші, Денис Евсеев 338-орында тұр. Ал жуырда ғана елордадағы жарыстың финалында ойнаған Бейбіт Жұқаев 473-сатыдан 447-орынға көтерілді.