20 шілдеде Алматы қаласында қалалық Мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясы өтті. Сессия барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау Комиссиясының қаулысы және AMANAT пен «Қазақстан Халық партиясы» партиялары филиалдарының шешімдері негізінде және берілген өтініштерге сәйкес 11 депутат мантатын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ олардың орнына келесі депутаттарға жаңа мандаттар берілді:
1) Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, AMANAT партиясының мүшесі.
2) Тайтөлеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы – Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, AMANAT партиясының мүшесі.
3) Жандай Сана Шайханқызы – «ADANAZ» ЖШС директоры, AMANAT партиясының мүшесі.
4) Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы – «Жан-М» ЖШС Бас директоры, Қазақстанның көгалдағы хоккей Федерациясының вице-президенті, AMANAT партиясының мүшесі.
5) Қарағұлов Ерұлан Серікұлы – «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК директоры, AMANAT партиясының мүшесі.
6) Котенев Артур Эдуардович – «AlmatyEngineering» ЖШС директоры, AMANAT партиясының мүшесі.
7) Шамова Арайлым Мәтжанқызы – «№201 мектеп-гимназия» КММ директоры, AMANAT партиясының мүшесі.
8) Ерлан Диана Ерланқызы - Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, Отбасы, әйелдер істері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің мүшесі, AMANAT партиясының мүшесі.
9) Рамазан Бекбол Батыржанұлы – Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол академиясының проректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, AMANAT партиясының мүшесі.
10) Сұлтанғалиев Тамерлан Мэлсұлы – «Қазақстан Халық партиясы» Алматы қалалық филиалының төрағасы, «Қазақстан Халық партиясы» партиясының мүшесі.
11) Мұхамедғалиев Талғат Аблайұлы – «Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау одағы» РҚБ Алматы филиалының басшысы, «Қазақстан Халық партиясы» партиясының мүшесі.
Жаңа құрам бойынша ғылым мен білім саласы өкілдерінің саны екі есе өсіп, 20% құрады, БАҚ және ҮЕҰ - 21% дейін өсті.
Сонымен қатар Мәслихаттың жаңа депутаттарының арасында екі көпбалалы ана бар.
Партиялық тізімдер бойынша сайлау жүйесі алмастыруды көздейді. Бұл процедура әлемнің дамыған елдерінде іс жүзінде кеңінен қолданылады және меритократия мен партияішілік бірлік қағидаттарын іске асырудың жарқын мысалы болып табылады. Осы принциптер партиялардың резервтік тізімдеріндегі басқа мүшелеріне өздерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.