• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2022

Павлодарда бірқатар мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді

158 рет
көрсетілді

Павлодар облысындағы 12 мектепке қазақтың белгілі тарихи тұлғаларының есімі беріді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Павлодар қаласындағы №20 мектеп-лицейіне - Әлихан Бөкейханның, №34 инновациялық мектебіне - Ахмет Байтұрсынұлының, №1 мектебіне - Малайсары батырдың, №23 мектебіне – Рафика Нұртазинаның, №16 мектеп-лицейіне - Аманжол Шәмкеновтің, №9 гимназия-мектебіне - Шапық Шөкиннің, №28 мектепке - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, №19 мектепке - Мәшһүр Жүсіптің, №37 мектепке - Жұмабек Тәшеновтың есімі берілсін. Сондай-ақ Ақсу қаласындағы №1 қазақ орта мектебі - Ыбырай Алтынсариннің, №2 мектебі – Абайдың, Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған гимназия Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталсын», делінген Үкімет қаулысында .